Жүкті әйелдердің босануы немесе одан кейінгі қан кетуін уақытша тоқтату осы уақытқа дейін үлкен қиындықтар тудыратын еді. 1,5 жыл бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Түркістан қаласындағы №3-перниталды орталығының ұжымынан құралған топ өз қалғанына жетті. Топты аталған орталықтың бас дәрігері, онко-гинеколог Нұржан Махмутов басқарған. 33 жылдан бері медицина саласында тер төккен азаматтың айтуынша мұндай жолмен ота жасау дүниежүзі бойынша алғаш рет біздің шаһарда қолданылған. Осы кезге дейін аталған әдіспен 10 ота жасалып, барлығы да сәтті аяқталған.
«Жүкті әйелдер арасында сәбидің плацентадан ажырауы жиі кездеседі. Көп көлемде қан жоғалту ана мен бала өміріне да аса қауіпті. Жаңадан ойлап тапқан әдісіміз бойынша система арқылы жатырдағы қан тамырларын байлап, қан кетуін уақытша тоқтатуға болады. Бұл емдік шараны әрмен қарай жоспарлауға, жедел көмек келгенше немесе шалғай ауылдарға білікті хирург-дәрігер жеткенге дейін қанды жоғалтпауға мүмкіндік береді»- дейді Нұржан Талғатбекұлы.

Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулығымыз – байлықтан да қымбат. Біз үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. №3 ОПО медицина қызметкерлері жұмысын таңғы жаттығумен бастайды!




